Атырауда соңғы үш жылда улы газдан 5 адам қайтыс болды...

Жылыту маусымы қарсаңында Атырау облысы ТЖД Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы еске салады, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Тек соңғы үш жылда облыста түтінге тұншығып бес адам қаза тапты. Себебі - жылыту пештерін пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау, деп хабарлайды atyraupress тілшісі. Атырау облысы ТЖД тұрғындарға үйлерінің, пәтерлерінің өртке қарсы жай-күйін тексеруді, пешпен жылытуға және электр сымдары мен электр аспаптарының жарамдылығына ерекше назар аударуға шақырады. Егер қандай да бір кемшіліктер табылса, оларды дереу жою керек. Азаматтардан жылу беру кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау сұралады. Егер өрт орын алса, дереу 101 немесе 112 телефонына қоңырау шалыңыз.

"Атырау облысында 2022 жылы көміртегі түтінге тұншығып 1 адам қаза тапса, 7 адам уланған. 2023 жылы 1 адам уланып, 4 адам қайтыс болды. 2024 жылы түтінге уланудың 2 жағдайы тіркелді" деп хабарлады Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметі.

Негізгі ұсыныстар: көміртегі тотығы датчиктерін орнатыңыз; үйдегі электр сымдарын тиісті күйге келтіріңіз; түтін құбырларын, жылыту пештерінің мұржаларын күйеден тазалаңыз, мұржаның тартылуын тексеріңіз; ағашты, кірді пештерде, мұржаларда және электр пештерінде кептірмеңіз; жабдықты үнемі тексеріп отырыңыз уақтылы техникалық қызмет көрсету үлкен проблемаларды болдырмауға көмектеседі; жылытқыштарды қараусыз қалдырмаңыз, өрттің алдын алу үшін ережелерін сақтаңыз; мұржалар мен желдетуді тексеріңіз, олар таза және бітеліп қалмауы керек.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ