Жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы 8 мамыр күні болған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау-Индер тасжолының 103-шақырымында қайғылы жағдай орын алды. "Тойота Камри" көлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Өкінішке қарай, 67 жастағы жолаушы әйел адам көз жұмды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді. Бұл бойынша терегу амалдары жүргізілуде.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ