ATPress.kz. 23 қараша. Алаш қозғалысының 100 жылдығына орай, Алматы қаласында ІІ республикалық «Алаш сенген жастар» жыр мүшәйрасы өтті. Мектеп оқушылары арасында өткен дүбірлі жарсуаттық жас ақын қыз Дильназ Елдосқызы топ жарды.
Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шыққан Дильназдың ертегі кітаптар мен әдеби шығармаларға деген қызығушылығы бастауыш сыныпта оянған. Және бұл оқушы қыздың алғашқы жеңісі де емес.
Дильназ биылдың өзінде аймақтық, облыстық Қадыр оқуларынан бас жүлде, Мағжан, Фариза оқуларынан ІІ орын алса, «Жылдың үздік оқушысы» да атанды. Бұл жерде әрине, мектеп директоры Қоныс Жаналисов пен жетекші ұстазы Назгүл Қыстаубаеваның сіңірген еңбегі өлшеусіз екені анық.
Жас ақын Дильназға шығармашылық табыс, жеңісті додалар тілейміз.
Диас Айбар,
Индер ауданы