Үйлестіру орталығы құрылды

ATPress.kz. 27 шілде. Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Атырауда Үйлестіру орталығы құрылды. Жаңа мекеменің кеңсесі Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде орналасқан, деп хабарлайды өңір

Орталық қызметкерлерінің қатарында мемлекеттік органдардың, жастар ресурстық орталығы мен білім, мəдениет салаларының өкілдері бар. Жаңа орган "Туған жер", "Киелі жерлер географиясы", "100 жаңа есім" бағыттары бойынша жұмыс істейді.

Мәселен, "100 жаңа есім" бағыты ел дамуына елеулі үлес қосқан, мамандығы бойынша жоғары жетістіктерге жеткен белгілі тұлғаларды ғана емес, ізгі істерімен ерекшеленген ерікті, меценат, құтқарушы секілді қарапайым адамдарды да үлгі етіп, қоғамды тəрбиелеуге бағытталған.

Осы орайда, Үйлестіру орталығы Елбасы мақаласындағы бағдарламаларға сəйкес шаралар өткізу бойынша Үкіметтік емес ұйымдардан, этномəдени бірлестіктерден, жастар мен ардагерлер ұйымдарынан, жеке тұлғалардан ұсыныстар мен идеяларды қабылдап, қарауға әзір. Ол үшін (87122) 27-65-06 нөміріне хабарласуға болады.

 

Айдос Қарабала