Премьер-лигада – «Қызылқоға жастары»

ATPress.kz. 22 қараша. Жастар арасында үлкен сұранысқа ие жайдарман ойындары Қызылқоға ауданында да қарқынды дамып, «Сағыз» құрамасының ізін жалғаған командалар бүгінде облыстық, аймақтық лигаларда жетістікке жетіп жүр.

Солардың бірі  – «Қызылқоға жастары» командасы. 2014 жылы құрылған бұл команда биыл облыстық Премьер-лигада нәтижелі өнер көрсетіп, финалға шыққан болатын. 

Жерлес команда Атырау қаласындағы Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде өткен Премьер-лиганың финалдық ойынында барлық бөлімде де жоғары ұпай алып, нәтижесінде бірінші орынмен қоса арнайы кубогке қол жеткізді. Ал, команда капитаны Бекарыс Мирлан «Үздік ойыншы» атағына ие болды. 

Сондай-ақ, облыстық жоғары лигада өнер көрсеткен «Тайсойған» құрамасы да нәтижелі ойынымен көзге түсіп, финалдық ойынның қорытындысымен жүлделі үшінші орынды жеңіп алды.    

 

Дулат Берікұлы