ATPress.kz. 20 қараша. Оныншы сынып оқушысы Ситалиев Диас облыстық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме байқауына «Зергерлік өнер» номинациясы бойынша қатынасып жүлделі бірінші орынға ие болды.
Білім саласындағы кез келген пән қандай ортада болмасын өзінің айтар ойы, өмірге деген көзқарасы бар, нақты жеке тұлғаны қалыптастыруға өзіндік үлес қосары анық. Мектептегі технология пәнінің басты мақсаты – оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауына ықпал ете отырып, қазіргі заманның технологиялық мәдениетіне, яғни бұйымдарды көркем жобалауға, өңдеп, өндіруге бейімдеу болып табылады.
Сондай-ақ оқушылардың техника мен технология әлемін зерттеп, зерделеуін, кәсіптік іс-әрекет элементтерінен практикалық тәжірибе алуын қарастырады. Соның ішінде ұлттық қолөнер – халық қазынасы, бабалар мұрасы және халқымыздың баға жетпес құндылығы. Махамбет ауданындағы Е. Ағелеуов атындағы орта мектеп технология пәнінің мұғалімі Әубекеров Ермекқали сәндік қолданбалы өнерді үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту бағытында шығармашылық ізденіспен жұмыс істеп келеді. Жасөспірімдердің ұлт өнері мен мәдениетіне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, қолданбалы өнер жайлы бастапқы түсініктерін қалыптастырып, еңбек сабағында шағын бұйымдар жасай білуге, үйренгенін тұрмыста пайдалануына бағыт беріп, қолөнерді сүюге тәрбиелеуде. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» дегендей білікті ағайынан тәлім алған 10 сынып оқушысы Ситалиев Диас облыстық «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының облыстық көрме байқауына «Зергерлік өнер» номинациясы бойынша қатынасып жүлделі бірінші орынға ие болды. Байқауда орындауың түрлі жанрлары, техникалары және материалдары бойынша 11-17 жас аралығындағы білім алушылардың жұмыстары сарапқа салынды. Диастың дайындаған әшекей бұйымдары білезік, алқа, сақиналар көрменің үздік жұмыстары қатарынан табылды. Соның нәтижесінде Алматы қаласында өткен республикалық «Алтын қазына» байқауына қатынасып сертификатқа ие болды
Фамиля Қожанова,
Махамбет ауданы