Атырауда қамыстан өрт шықты /ВИДЕО

АTPress.kz. 3 сәуір. Санаулы уақыттар бұрын Атырау қаласындағы Азаттық, 94 мекен-жайында алапат өрт орын алды. Тұрғын үйлердің маңында қамыстан тұтанған тілсіз жау өрт сөндіру тобы жеткенше желдің күшімен тұрғын үйлерге жақындап қалған еді.

- Өрт сөндіру бөліміне 15:49 минутта дабыл түсті. Өрт сөндіру бөлімінің екі көлігі және АМӨЗ мекемесінен 1 автокөлік жұмылдырылып, 14 минутта өрт толығымен ауыздықталды. Тілсіз жау жарты сағаттың ішінде 2500 шаршы метр жерді шарпып үлгерген, - деді өрт сөндіру бөлімінің баспасөз қызметі. 

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет, видео автордікі