ATPress.kz. 19 сәуір. «Өз кәсібін ашқысы келетіндерге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» Үндеуі көмекке келеді», - дейді құрманғазылық жас кәсіпкер Талғат Жұмалиев.
Ағаштан түйін түйген бесаспап шебер шағын несиені шаштараз, машина жөндеу, асхана сияқты сервистік орындарды ғана ашуға пайдаланбауға шақырды. «Жаңа кәсіп түрін енгізу немесе «отандық бренд» шығару мәселесіне назар аудару керек. Сол кезде жаңа дүниеге қызығушылық, сәйкесінше сұраныс та жоғары деңгейде болады» деді кәсіпкер Президент Үндеуі талқыланған жастар басқосуында.
Қ. Ғұмаров