ATPress. 3 мамыр. Жыл басынан бері «Қазақстан Даму банкі» 6 жобаны қаржыландырған. Оның ішінде Шымкент мұнай өңдеу зауытын жаңғырту, Астана халықаралық әуежайының жолаушылар терминалын қайта құру тәрізді жедел жобалар бар.
Бұл туралы банктің басқарма төрағасы Болат Жәмішев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында хабарлады.
Оның мәлімдеуінше, 2017 жылы жалпы сомасы 350 млрд теңгеге жобаларды несиелендіру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, Индустрияландыру бағдарламасы шеңберіндегі 12 әлеуетті жобаға қоржын дайындалған.
- Әсіресе, көлік құрастыру, химиялық өнеркәсіп, мұнай химиясы, металлургия және құрылыс материалдарын өндіру салалары тәрізді жобаларға 312,6 млрд теңге қаржыландыру сұралған болатын, - деді Болат Жәмішев.
Дайындаған Айдос Қарабала