Covid-19: Атырауда 11 науқастың жағдайы ауыр

Реанимация бөлімшіде ӨЖЖ аппараттарына 2 науқас қосылған деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда инфекциялық стационарларда 730 адам ем қабылдауда.
Жүктеме 30,9 % құрайды (2360 төсек-орынға).

Реанимация бөлімшелерінде 11 пациент жатыр, оның ішінде ӨЖЖ аппараттарына 2 науқас қосылған. Жүктеме 10,4 % (106 орынға) құрайды.