Атырау қалалық перзентханасында референдум күні сағат 08:00-ға дейін 10 нәресте дүниеге келді,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
6-қазан күні дүние есігін ашқан 10 нәрестенің 9-ы – қыз, біреуі – ұл. Дәрігерлердің айтуынша, аналар мен балалардың жағдайы жақсы. Орталықтағы №80-ші жабық референдум учаскесінде 85 ана тіркелген. Қазір мұнда медициналық көмек алып жатқан келіншектер дауыс беруде.
- Өмірге сәби әкелуіме байланысты перзентханада бақылаудамыз. 80-ші сайлау учаскесі арқылы референдумға қатысып, өз таңдауымды жасадым. Қазір баламның да , өзімнің де жағдайым жақсы,- деді Ағайша Махаева.