Атырау қаласының тұрғындары кешелі бері элект жарығының ескертусіз сөніп қалғанын әлеуметтік желіде қызу талқылауда.
Бірыңғай байланыс орталығы жөндеу жұмыстарының жүріп жатқанындығын айтты.
«Дамбы, Геолог, Еркінқала, Береке, Алмалы, Лесхоз, Жұлдыз - 3, Атырау, Аксай, Зарослый, Томарлы, Жұмыскер, Вокзал маңы мөлтек аудандарында жарық беруді қалыпқа келтіру мақсатында «Атырау Жарық» АҚ-ның бригадалары жұмыстар жүргізуде» деп жазды орталық әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Алайда онда ақаудың себебі айтылмады. Желі қолданушылар жазбаға пікір қалдырып, қыстың көзі қырауда жөнделіп жатқан жарыққа қатысты сын-ескертпелерін білдіріп жатыр.