Құлсарыда денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды

Құлсары қаласында тозығы жеткен бес қабатты тұрғын үйдің орнына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу басталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Тапсырыс беруші - аудандық құрылыс бөлімі. Мемлекеттік сатып-алу заңына сәйкес конкурс жарияланып, жеңімпаз анықталып, мердігер ретінде – «Град Строй Сервис» ЖШС танылды. Былтыр сәуірде бес қабатты жатақхананы бұзу жұмыстары басталған.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жалпы ауданы - 1615,19 шаршы метр. Оның 1033,2 шаршы метрінде футзал мен 150 орындық көрермен залы қарастырылған. Сонымен қатар бокс, дзюдо және басқа да жаттығу залдары бар.

Былтыр аудан орталығындағы №1 шағынауданындағы №27 тұрғын үй мемлекет мұқтажы үшін алынып, 60 пәтердің иесіне өтемақы төленген.

Кешен құрылысы биыл мамыр айында аяқталып, пайдалануға беріледі.

Эльмира Мықтыбаева