Референдум: Атырауда мұнайшылар дауыс беруде

Атыраудағы Теңіз және Ескене мұнай кен орындарының мұнайшылары бүгінгі референдумға белсене қатысып, өз дауыстарын беруде, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Орталық аумақтық референдум учаскесі мәлім еткендей, Теңіз кенішіндегі азаматтар үшін жеті референдум пункті қызмет көрсетеді. Ал, жалпы, кеніште 6 мыңға жуық жергілікті тұрғын мен басқа да өңірлерден келген азаматтар дауыс беруге өтініш білдірген. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ