Атыраудың ауа сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар ірі жобалар іске асырылуда. Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қы «Тухлая балка» булану алаңын қалпына келтіру жұмыстары ағымдағы жылдың сәуір айында басталды, 2023 жылы аяқталады деп күтілуде.
Сонымен қатар, қаланың оң жақ жағалауындағы кәріз-тазарту ғимаратын қайта жаңғырту жұмыстары да басталды.
«Квадрат» буландырғыш тоғанын тазарту 2023 жылы басталады деп жоспарлануда" деді облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов.
Сондай-ақ, 2021-2023 жылдары жеке инвесторларды тарта отырып, Атырау қаласында қуаты жылына 225 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін 2 сұрыптау кешені салынады.