Атырауда алғашқы адам дауыс берді

Атырау қаласының «Нұрсая» шағынауданындағы №90 референдум учаскесінде алғашқы дауыс беруші өз таңдауын жасады. Жетпіс бір жастағы Роза Нұрғалиева учаскелік референдум комиссиясының мүшелеріне сәттілік тілеп, Президент Жарлығымен тағайындалған республикалық референдумда алғашқы болып дауыс берді.

- Бұрын да мұндай саяси науқандарға келіп, өз таңдауымды жүрмін. Бұл жолы да Қазақстан азаматы ретінде өзіндік үлесімді қостым. Мұндай саяси науқандарға үн қосу әрбір саналы азаматтың парызы деп ойлаймын, - деді Роза апа.

Учаскелік комиссия мүшелері алғашқы дауыс берген еңбек ардагеріне арнайы сыйлығын тапсырып, құрмет көрсетті.

Комиссия төрағасы Гүлмаржан Бисембаеваның айтуынша, №90 референдум учаскесінде 2297 дауыс беруші бар. Ал, Атырау қаласы бойынша барлығы 1 аумақтық, 134 учаскелік референдум комиссиясы бар. Оның ішінде 7 учаскелік комиссия жаңадан құрылған.

Өз тілшіміз

Суреттерді түсірген Е.Алтыбаев