Атырау облысының әкімі қала тұрғындарымен кездеспек

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов қала тұрғындарымен кездесіп, өзекті сауалдарға жауап бермек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Сондай-ақ, аймақ басшысы азаматтарды жеке мәселелері бойынша да қабылдайды. Кездесу Балықшы ықшамауданындағы облыстық халық шығармашылығы орталығында өтеді. 

Айта кетейік, кездесу барысы қала әкімдігінің әлеуметтік ресми парақшаларында тікелей эфирден көрсетілетін болады.

Байланыс тел.: 8(7122)271030 (Атырау қ. әкімдігі)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ