Республика бойынша сайлаушылардың 67,85 пайызы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов айтты. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Астананың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған дерекке сәйкес, астана уақытымен сағат 18.00-де өңірлерде азаматтардың келуі мынадай:
Абай облысы бойынша – 78,88,
Ақмола облысы бойынша – 75,82,
Ақтөбе облысы бойынша – 71,23,
Алматы облысы бойынша – 70,92,
Атырау облысы бойынша – 67,88,
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 64,77,
Жамбыл облысы бойынша – 77,27,
Жетісу облысы бойынша – 77,8,
Қарағанды облысы бойынша – 77,80,
Қостанай облысы бойынша – 77,56,
Қызылорда облысы бойынша – 77,20,
Маңғыстау облысы бойынша – 64,57,
Павлодар облысы бойынша – 77,12,
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,46,
Түркістан облысы бойынша – 80,25,
Ұлытау облысы бойынша – 74,45,
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 76,81,
Астана қаласы бойынша – 48,01,
Алматы қаласы бойынша – 27,93,
Шымкент қаласы бойынша – 59,56 пайыз.
Шавкат Өтемісовтің дерегінше, жалпы сағат 18.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 108 168 азаматы бюллетень алды.
Ол - тізімге енгізілген азаматтардың 67,85 пайызы.
Бүгін елімізде кезектен тыс президент сайлауы өтіп жатыр. Барлық өңірде 10 033 учаске дауыс беруге кірісті.
Сонымен қатар шет мемлекеттердегі Қазақстан Республикасының өкілдіктері жанындағы 67 учаскеде дауыс беру басталды.
Осылайша, қазіргі уақытта сайлау 10 100 учаскеде өтуде.