Ринат Жұматов: "Арманы бар адам ғана жетістікке жетеді" (+ВИДЕО)

Ринат Жұматов - «Атырау» футбол командасының ойыншысы, жартылай қорғаушы, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Арманын осы спорт түріне байлап, елінің көк Туын көкте желбіретем деген мақсаты алты жасында қойған. Жеті жастан кәсіби клубқа қатысып, түрлі лигада ойнап бастаған Ринат Жұматов бүгінде «Атырау» футбол құрамасының үшінші капитаны.

- Арманың айқын болса, соған жетелер мақсатың ешқашан алдамайды. Арманы бар адам ғана жетістікке жетеді. Алғаш рет деті жасымда Тимур ағайда жаттығып келдім. Бұл құрамаға да сол кісінің жанында жанында жүріп, кеттім. Қиялыма қанат бітірген ұстазыма алғысым шексіз. Бүгін айтулы күн. 13 жыл тойланбай, қайта бекітілген мерекені екінші жыл қатарынан аман-есен тойлап жатырмыз. Аспанымыз ашық, байрағымыз көкте желбірей берсін. Елінің біз сияқты еңбекқор жастары тұрғанда Қазақстан артта қалмақ емес,-деді Р.Жұматов.

Қазақстан Кубогындағы нәтижелер: Ақтөбе мен Қайрат сияқты мықты командаларды ұтты. Жартылай финалда «Тобыл» ФК-дан ұтылды, команда одан әрі Конференция Лигасының плей-офф кезеңіне өтті. «Атырау – М» Жастар командасы Екінші Лига конференциясында 5-орынға ие болды.

«Атырау» ФК әр түрлі жастағы футболдан Қазақстан құрамаларына 7 адамды жіберді. (өткен маусымдарда 1-2 адам болған)

Жеке көрсеткіштер:

Хаткевич Егор – «Құрғақ ойындар» көрсеткіші бойынша 1 орын.

Козлов Евгений – Чемпионат бомбардирлерінің тізімінде 3 орын;

Стасевич Игорь – Лигадағы кілттік пас бойынша үздік 5-тікте;

Такулов Сослан – Лигадағы сәтті соққылар бойынша үздік 3-тікте;

Керимжанов Олжас – Лигада допты алудан 2 орын;

Матеус Бисси – Лигадағы орташа есеппен бір матчтағы тосқауылдар бойынша үздік 5-тікте;

Эффионг Нсунгусси – Лигадағы ауадағы допқа таласу бойынша 2 орын.