ATPress.kz. 14 желтоқсан. Ертілеу Көшенұлы жүлдесі үшін спорт мектептері арасында өткен облыстық спорттық ойындар аяқталды.
Негізінен спорттың «жілігін шағып, майын ішкен» бапкерлер арасында өткен додада қатысушылар футбол, дойбы, үстел теннисі, кір тасын көтеру сайыстарынан сынға түсті. Барлығы он команда қатысқан тартысты бәсеке нәтижесінде Индер ауданы командасы бас жүлдені жеңіп алды.
Кейінгі жүлделі орындарды №1 облыстық балалар спорт мектебі мен Мақат ауданы командалары еншіледі.
Айта кетелік, индерлік спортшылар Ерлан Өмірбеков пен Нұргүл Қабдешова үстел теннисінен, Алма Арыстанова мен Нұрбол Есенов дойбыдан үздік нәтиже көрсетті.
С. Сансызбайұлы
Сурет: atr.kz