Шабдаржап ауылында шаңғы жарысы өтті

ATPress.kz. 11 ақпан. Әппақ қар, қызылшұнақ аязда сырғыған шаңғыға отырып, ой мен қырды әп сәтте те сырғытып өте шыққанға не жетсін, шіркін! Өкінішке орай, қары мен аязы, үскірік желді өңірде соңғы кезде, әсіресе, Жайық бойында қысқы спорт, соның ішінде к

Соның өтеуіндей, жақында Атырау мен Батыс Қазақстанның Индер мен Ақ Жайық аудандары арасында қол жеткізілген өзара ынтымақтастық меморандумына сәйкес, «Ақшақар-2018» байқауы өтті. Онда Алмалы, Базаршолан, Атамекен, Томпақ, Тайпақ, Шабдаржаптағы әріптестерімен Индер аудандық білім бөлімінің оқушылар шығармашылық орталығындағы туризм, спорттық бағдарлау үйірмесі мүшелері тәжірибе алмасып, қысқы туризмнің соқпақтарынан өтудің техникалары бойынша біліктерін сарапқа салды.

Шабдаржап ауылында өткен «Ақшақар - 2018» шаңғы туризмі техникасы жарысына индерборлықтар екі топпен қатысты. «Осының алдында ғана біз шаңғы жорығын өткізу әдістемесі мен қауіпсіздігі тақырыбындағы республикалық үш күндік жорыққа қатысып қайтқанбыз. Бұл жолы біздің оқушылар да осы шаралардан да үлкен әсермен оралды», - дейді үйірме жетекшісі.

Шынында да Дендер орманы, табиғаты мен таулары, ескерткіштері, басқа да туризмге қатысты бейтаныс соқпақтары өңір жастары мен қонақтарды қысқа спорттың болашағын жіті ойлауға шақырып тұрғандай...

 

С. Халықов,

Шабдаржап - Индербор