Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (15-0) Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен UFC Vegas 47 турнирінде сенімді жеңіске жетті. Техникалық нокауттың арқасында ол 50 мың доллар бонус алды, – деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл Рахмоновтың UFC-дегі алғашқы бонусы. Бұған дейін қазақстандықтардан Мария Агапова екі рет (10-2) бонус алған болатын.