Токио-2020 Паралимпиада ойындарының жеңімпазы Давид Дегтярев 178 келі салмақтағы штанганы көтеріп, 54 келіге дейінгі парапауэрлифтингтен ерлер арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды NewTimes.kz АА.
Қазақстан Паралимпиада комитетінің Instagram парақшасында спортшының керемет жеңісін көрсеткен жазба жарияланды. «Давид Дегтярев Тбилисиде өткен әлем чемпионатында 178 келі салмақтағы штанганы көтеріп, пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды», - деп жазады ресурс. Еске салайық, Дегтярев Токиода өткен Паралимпиада ойындарының алтын медалінің иегері. Пара-пауэрлифтер үш талпынысты да (170, 172, 174 келі) жеңіп, осылайша турнир жеңімпазы атанды.