Парадзюдошы Ғалымжан алтын алып келді

ATPress.kz. 26 желтоқсан. Түркияның астанасы Анкара қаласында парадзюдодан кезекті Гран-при турнирі өтті. Оған әлемнің тоғыз елінен парадзюдошылар қатысып, жеті салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтады.

Аталмыш додада 90 келіде белдескен жерлесіміз Ғалымжан Махметов жарысты екінші айналымнан бастап, бірінші түрік, ақтық сында ирандық палуанды талассыз жеңіп, алтыннан алқа тақты. 

Айта кетейік, бұл Ғалымжанның әлемдік додаларда алған алғашқы алтыны. Сөйтіп, түрік елінен алтыннан алқа тағып, Әнұранды асқақтатып қайтқан жерлесіміз келесі жылы өтетін әлем чемпионаты мен жазғы Азия ойындарына дайындықты бастап кетті. 

 

Дулат Берік