«Мұнайшы» стадионының төсемі матчқа жарамсыз деп танылды

ATPress.kz. 15 мамыр. Атырауда «Мұнайшы» стадионының төсемі ойын ойнауға жарамсыз деп танылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Атырау» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Мұнайшы» стадионында Қазақстан чемпионаты барысында «Атырау» мен «Астана» кездесуі бойынша матч алдындағы жаттығу өткізілді. Өкінішке қарай, футболшыларымыз бен бапкерлеріміз стадиондағы төсемнің сапасы өте төмен екендігін атап өтті. Алаң жабындысының сапасы туралы «Астана» да осындай пікірде. «Атырау» мен «Астана» мамандары қазіргі күйдегі алаң ойыншыларға залал келтіріп, денсаулықтарына әсер етуі мүмкін деген пікірді ұстанады.

Айта кетерлігі, «Мұнайшы» стадионының әкімшілігі мен «Атырау» футбол клубы басты аренаны елордалық клубпен өтетін матчқа әзірлеуге барынша күш жұмсады. Алайда қазіргі уақытта бұл жеткіліксіз екені белгілі болды», - деп мәлімдеді «Атырау» ФК баспасөз қызметі

Клуб кездесуді қосалқы алаң - жасанды төсемі бар «Томарлы» стадионында өткізу жөнінде шешім қабылдады. 

«Барлық атыраулық футбол жанкүйерінен кешірім өтіне отырып, қазіргі жағдайға түсіністікпен қарауын сұраймыз», - делінген баспасөз хабарламасында.

 

Айқара Ғұмар

Фото ticketon.kz сайтынан алынған