ATPress.kz. 20 ақпан. «Қызыл Жұлдыз» орденінің иегері Абат Далабаев атындағы еркін күрестен Индер аудандық біріншілігі үлкен дәрежеде ұйымдастырылды. Шара батыр зиратына барып, дұға бағыштап, рухына тағзым етумен басталды.
Сайысқа ауданның он бес мектебінен палуандар қатысып, халықаралық дәрежедегі төреші Нұрбек Аманов төрелік жасады. Сайыс нәтижесінде шеберлік танытқандар жүлделі орындарға табан тіреді. Барлық жеңімпаздарға медальдар мен алғыс хаттар табысталды.
Ауған соғысының ардагері Абат Далабаев 1966 жылы Индер ауданы Бөдене ауылында туған. Әскер қатарына 1984 жылдың 27 қазанында шақырылады. 1985 жылы Ауғанстан территориясына жіберіліп, ондағы ұрыс қимылдарына қатысады. Осы жылдың 18 қыркүйегінде соғыс даласында ерлікпен қаза табады. Шейіт болған жас жауынгерге кейін «Қызыл Жұлдыз» ордені берілді. Жат жерде ерлікпен көз жұмған бөденелік Абат Далабаев сол кезде небары 19 жаста болатын...
Диас Айбаров,
Бөдене ауылы