ATPress.kz. 12 желтоқсан. «Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Токио Олимпиадасына қатыса алады», - деп хабарлайды КТК арнасы. Ұзақ уақыттан кейінгі үнсіздіктен соң, баспасөз-конференциясына қастысқан чемпион Илья Ильин қиын сәтте өзіне демеу болып, қолдау
Айта кетелік, Илья Ильин Халықаралық ауыр атлетика федерациясы шешімімен допинг дауына байланысты 2008 және 2012 жылғы Олимпиадада иеленген алтындарынан айырылып, екі жылға спорттан шеттетілген еді.
Шеттету 2016 жылдың 10 маусымында күшіне енген. Сол себепті қазақстандық ауыр атлет енді жеті ай өткен соң жарыстарға қатыса алады.
Алдын ала болжамдар бойынша, әлемнің төрт дүркін чемпионы атанған Илья Ильин 2020 жылы Токиода өтетін халықаралық Олимпиадада Қазақстан құрамасының атынан өнер көрсетуі мүмкін.
Бек Әзберген
Сурет: ktk.kz