Бүгін, яғни, ақпанның 1- і күніне қараған түні футзалдан Қазақстан құрамасы Украина командасымен кездеседі, деп хабарлайды, ATPress.kz.
Атырау футзал клубының бас жаттықтырушысы Жақсылық Байсариевтің айтуынша, бұл кездесуде Қазақстан құрамасы дәл бүгінгі құраммен фаварит деуге келмейді. Өйткені, біз сенім артып отырған екі бірдей ойыншы маңызды матчқа қатыспайды.
- - Негізгі ойыншыларымыз Эдсон мен Тайнан ескертулеріне байланысты бұл матчқа қатыса алмайды. ПТР тесті нәтижесі зиянын тигізбесе, қалған спортшыларымыз толықтай өнер көрсетеді. Алғашқы ойында алаңнан қуылған Альберт Ақбалықов та бүгінгі құрама сапында бар. Дегенмен, екі ойын жіберді ғой, бірден ойынға ену оңай болмайды деп ойлаймын, - дейді Жақсылық Байсариев.
- "Тұрсағұлов, Ақбалықов, Дуглас, Оразов, Есенамановтар барын салары анық. Ширек финалдың ойыны әдеттегі кездесулердің бірі емес. Екі жақ та қателікке жол бермеуге тырысып, өте сақ ойнайтыны белгілі. Қарсыласқа келер болсақ, олар біздің ойынды жақсы білуі тиіс. Оның үстіне тәжірибелі құрама" дейді Атырау клубының бас жаттықтырушысы.
- - Бүгінгі ойында біздің құраманы фаварит деп айту қиын. Шыны керек, біздің Игитамыздың деңгейі де бұрынғыдай емес, жасы да біразға келді. Не де болса, ойын көрсетеді, өз құрамамызға жанкүйерміз, - дейді Жақсылық Байсариев.
Айта кетейік, Нидерланд елінде футзалдан еуропа чемпионаты өтуде. Өз тобынан бірінші орынмен шыққан Қазақстан құрамасы бүгін ширек финалда Ураинамен кездеседі. Матчты тікелей эфирде «Казспорт» ұлттық арнасынлаан тамашалай аласыздар.
Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ