Футбол жанкүйерлердің наразылығымен аяқталды

АTPress.kz. 8 сәуір. Атырау футбол командасы бүгін өз алаңында «Астана» командасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Бұл жағдайға наразылық білдірген жанкүйерлер, ойын соңында шу шығарып, атыраулықтардан жауапкершілікпен, дұрыстап ойнауларын талап е

Қоғамдық тәртіп құқық қорғау органы қызметкерлерімен қалыпқа келтірілді. Естеріңізде болса, футбол маусымының басталар алдында Атырау футбол командасынан келісімшартқа отырған кейбір ойыншылардың қаражаты төленбегені кесірінен 9 ұпай алынып тасталған болатын. 

«Атырау» футбол командасының жаттықтырушысы Зоран Вуличтің айтуынша, спортшылардың ойын сайын жеңіліс табуына да осы мәселе психологиялық тұрғыда кері әсерін тигізіп отыр.  

- Сонымен қатар, біз ойынға дайындық кездерінде Түркияның озық үлгідегі футбол алаңдарында жаттығамыз. Ал, Қазақстанның көп облыстарында ондай футбол ойын алаңдары жоқ. Бұл бізге қиындық келтіріп тұр, - дейді қос команданың жаттықтырушылары.

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Сурет автордікі