Энергетиктер үстел теннисінен бақ сынасты

ATPress.kz. 22 желтоқсан. Махамбеттік энергетиктер өздерінің төл мерекелеріне орай, үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды.

Бір ерекшелігі, жарысқа қатысушылардың жасына шек қойылмады. Соған сәйкес стол теннисінен бақ сынауға келгендердің жасы 15 пен 63 аралығында. «Атырау-Жарық» АҚ аудандық филиалының басшысы И. Мұқамбеталиев спорттың бұқаралығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру бағытында ойларын ортаға салып, құттықтау сөз сөйледі.

Барлығы он сегіз адам қатысқан стол теннисі сайысында бірінші орынды С. Нұржанов, екінші орынды Б. Имақов, үшінші орынды М. Қуангереев иеленіп, оларға ақшалай  сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.   Ал, С. Шотпақов, Ж. Жайлашев, Ғ. Қайырғалиевтер үздік ойыншылар қатарынан табылды. 

 

Ф. Қожанова, 

Махамбет ауданы