ATPress.kz. 16 қаңтар. Атырау қаласы маңынан жатақханасы бар жаңа спорт кешені ашылды. Және оған Мәлік Сүлейменовтың есімі берілді.
«Самал» мөлтек ауданындағы спорт кешенін Қызылқоға ауданының перзенті, спорт шебері Айбар Есенғалиевтың қаржыландыруымен салынды», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
Спорт мектебінде 34 жатын бөлмесі, 32 спортшы мен екі жаттықтырушыға есептелген жаттығу залы, асхана, жуыну бөлмесі және шынығу алаңы бар. Шәкірттер алты жастан бастап қабылданады.
«Нысан құрылысы 2015 жылы көктемде басталды. Алдағы уақытта жастарымызды спорт кешеніне жаттығуға шақырамыз», - дейді Айбар Есенғалиев.
Бек Әзберген