Атыраулық спортшылар паражүзуден 9 алтын медаль еншіледі

ATPress.kz. 17 мамыр. Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жүзуден Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. Атыраулық спортшылар 9 алтын медаль еншіледі, деп хабарлайды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

«Мотвиатор» лақап атымен танымал Ержан Сәлімгереев 100 метр - кроль, 50 метр - еркін әдіс және 50 метр - баттерфляй сайыстарында қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тақты.

Дмитрий Ли болса, 100 метр - шалқалай жүзу, 200 метр - кешенді жүзу, 400 метр - кроль әдістерінде үздік шықты.

Екатерина Обратнова 100 метр - баттерфляй, 200 метр - кешенді жүзу, 400 метр - кроль әдістерінде алтын медаль иегері атанды.

Енді спортшыларымыз әлемге танымал сайыстардың бірі - Германия ашық біріншілігінде ел намысын қорғайтын болады.

 

Айқара Ғұмар