Атыраулық спортшылар 1000 медальмен шырша безендірді

ATPress.kz. 25 желтоқсан. Атыраулық спортшылар жаңа жылға ерекше тосын сый жасады. Олар жеңімпаздар шыршасын биыл қол жеткізген 1000 медальмен безендірді.

Үш жүзден астам адам қатысқан мерекелік шарада биіктігі екі метр болатын шырша жасақталып, онда негізінен спорттың əр түрінен өткен чемпионаттарда, соның ішінде, параолимпиадаларда иеленген жүлделі орындардың медальдары көрініс тапқан, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі. 

«Біздің спортшылар ойлап тапқан жаңа жылдық challenge спортты насихаттауға жəне əріптестеріміздің рухын көтеруге бағытталған», - дейді Атырау облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет

Спортшылар балында "Үздік спорт федерациясы", "Үздік спортшы", "Үздік топ", "Үздік спорт жобасы" сынды 15 аталым бойынша жүлдегерлердің марапатталғанын да айта кетелік.

 

Бек Әзберген