ATPress.kz. 10-13 мамыр аралығында Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында жасөспірімдер, жастар, ересектер мен əйелдар арасында спорттық жəне жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының б
Айтулы бəсекеде Атырау облысының спортшылары жоғары нəтижеге қол жеткізген. Атап айтсақ, жастар арасында 48 келі салмақ дəрежесінде Асқар Еспусинов жеңімпаз атанса, қыздар арасында 48 жəне 56 келі салмақ дəрежесіндегі Айымгүл Махуова мен Гүлзада Алмаз күміс жүлдеге ие болған.
Ал, ересектер арасында 62 келі салмақ дəрежесінде Парасат Жұмабай қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз болып, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын иеленді. Əйелдер арасында 80 келі мен одан жоғары салмақта Қалжан Тайжанова және Саида Қапсалықова күміс жүлдеге қол жеткізді.
Жауынгерлік самбо бойынша атыраулық Серікжан Түсіпов қола жүлдені қанағат тұтты.
Айқара Ғұмар