Атыраулық каратэшілер Азия чемпионатынан жүлделі оралды

ATPress.kz. 19 маусым. Астанада киокушинкай каратэден Азия чемпионаты өтті, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мықтылардың басын қосқан байрақты бәсеке 16-17 маусым күндері болған. Чемпионатқа 12 елден 250 спортшы қатысты.

Азия құрлығының үздіктері қатысқан сайыста атыраулық каратэшілер 3 күміс және 3 қола медаль еншіледі. 

Карина Досимова, Глеб Повстянко және Дінмұхаммед Әбдіғали Азия чемпионатының финалистері атанды. Аружан Абдрахманова мен Карина Калистру үздік үштіктен көрінді. Құраманың ең үздік спортшыларының бірі, Әлем чемпионы Андрей Котов қола жүлдені қанағат тұтты. 

Спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушылар Таңат Нұрымов, Мұрат Жолдасов, Рүстем Байбосыновтар екенін айта кеткен жөн.


Айқара Ғұмар