ATPress.kz. 12 сәуір. Бүгін «Атырау» футбол командасы Қазақстан Премьер-лигасының алтыншы турында қарағандылық «Шахтерді» қабылдап, тең түсті.
Қарсыластарының қақпасына атыраулық Шавкат Саломовтың және Юрий Общивацтың салған қос голына қарағандылық Дәуренбек Тәжімбетов, Ринат Хайруллин, Сергей Скорых есе қайтарып, таразы басын теңестірді. Бүгінгі ойында атыраулық жанкүйерлер жерлестеріне үлкен үміт артқан еді. Алайда ойын 3:3 есебімен тең дәрежеде аяқталды.
Айта кетейік, кеше «Атырау» футбол командасының бас бапкері Зоран Вулич қызметінен кетіп, орнына бас бапкердің міндетін атқарушы болып атыраулық Қуаныш Қабдолов тағайындалды.
Мереке Асанова