«Astana Arlans» Атырауда қытайлық боксшыларды 5:0 есебімен ұтты / ВИДЕО

ATPress.kz. 4 наурыз. «Астана арландары» кәсіпқой бокс клубы бүгін Атырауда Қытайдың «China Dragons» командасымен өткізген жекпе-жегінде 5:0 есебімен жеңіске жетті, деп хабарлайды ATPress.kz тілшісі.

Бұл «Астана арландарының» биылғы маусымда өткізген жекпе-жектегі қатарынан үшінші жеңісі. Бүкілəлемдік бокс сериасында отандастар бұған дейін екі жекпе-жек өткізіп, алдымен Ресейдің «Patriot Boxing Team» командасынан 3:2 есебімен басым түссе, одан кейін Өзбекстанның «Uzbek Tigers» клубын 4:1 есебімен жеңген болатын. 

Бүгінгі бəсекеде қазақстандықтар бес түрлі салмақ бойынша да қарсыластарынан айласын асырды. Атырау қаласында тұңғыш ұйымдастырылған бокс сериясын көруге келген жанкүйерлердің де қолдауы боксшыларымызға жігер қосты.

 

Нұрбейбіт Нұғыманов

Суреттер автордікі