"Алға басу - Движение вперед!"

ATPress.kz. 16 маусым. Атырау облысында "Алға басу - движение вперед!" атты қайырымдылық марафоны басталды. Марафон шарты бойынша, мемлекеттік қызметкерлер облыс көлемінде бір уақытта мәреге шығуы тиіс еді.

Мақсат - Елбасының Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, бұқаралық спортты дамыту, спорттық жарысқа қатысушылардың шеберлігін шыңдау және "ДОМ" қайырымдылық қорына қолдау көрсету болып табылады. Шараға құрманғазылықтар да белсене қатысып, "Боздақтар" алаңына жиналған қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Құрманғазы ауданы әкімі Бибоз Шаяхметов мекеме қызметкерлеріне ризашылығын білдірді. 

Қайырымдылық марафоны Құрманғазы аудандық дене шынықтыру және спорт кешені алдында қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер түрлі марапаттарға ие болды.

 

Б. Уахитов