ATPress.kz. 30 мамыр. Мақаттық жастар волейболдан ерлер арасында облыстық турнир өткізді.
Астана қаласының 20 жылдығына жəне Атырау қаласының 80 жылдығы құрметіне ұйымдастырылған спорттық бәсекеде бақ сынаған командалардың осал еместігі алғашқы кездесулерден-ақ анық байқалды.
Қызылқоғалық "Сағыз" командасы бірінші орын, "Мақат ауданы" екінші орын, "Мұқыр" командасы үшінші орынды иеленді. Жекелеген ойыншылар "Үздік қорғаушы", "Үздік ойыншы", "Үздік шабуылшы" атауларына ие болды. Жүлдегерлер мен үздіктер Мақат аудандық жастар ресурстық орталығының марапатына ие болды.
Е.Мырза