Қасым-Жомарт Тоқаев: Атырау – ұлттық экономиканың көшбасшысы

ATPress.kz. 23 мамыр. Бүгін Атырауға жұмыс сапарымен келген ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев облыс активімен және тұрғындармен кездесті.

Жиында технологиялық жаңғырту, инновациялық индустрияландыру, адами капиталды дамыту маңызды міндет екені айтылды. Сондай-ақ, кәсіпкерлікті қолдау, аграрлық секторды жандандыру, көлік және логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту да басты тақырыпқа айналды. 

Кездесу кезінде Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Мемлекет басшысының бастамаларын облыс тұрғындарының кеңінен қолдағанын айтып өтті. Алға қойған міндеттерді орындау үшін жергілікті билік бар күшін салады.

«Бұл үшін барлық жағдай – қаржылық, адами капитал, өңір азаматтарының өмірін жақсартуға ұмтылысы бар. Біз Мемлекет басшысы қойған міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін заңнамалық бастамаларға ризамыз. Атырау облысы мұнай өндіруші өңір болып саналады, алайда соңғы жылдары экономиканың басқа да салаларын дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Агроөнеркәсіптік кешенді қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар өңірді жергілікті өндірушілердің тауарларымен қамтамасыз етуге жағдай туғызды. Жаңа жұмыс орындарын құруға және халықты сервистік қызметтермен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін шағын және орта бизнес дамуда», - деді өз сөзінде Нұрлан Ноғаев.

Жиын соңында Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді азаматтық ұстанымы және мәслихаттардың жұмысына қосқан үлесі үшін өңірдің бірқатар депутатын құрмет грамоталарымен марапаттады.

Актив аяқталғаннан соң ол өңірдегі бірқатар өндірістік және ауыл шаруашылығы кәсіпорнын аралады. 

Сенат төрағасының жиында қозғаған негізгі мәселелері мен маңыз берген бағыттары осыған дейін сайтта жарияланған-тұғын

 

Айқара Ғұмар