Министр мемлекеттік басқару жүйесін реформалаудың жолын айтты

АTPress.kz. 15 ақпан. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заң департаментінің директоры Дархан Игембаев Президенттің өкілеттілігін биліктің екі тармағына қайта бөлу бойынша қандай жұмыстарды атқарғаны туралы баяндады.

Әділет министрлігі заң департаментінің директоры Дархан Игембаевтың айтуынша, талдау мен сараптау барысында министрлік мамандары Конституциялық Заңының жобасын әзірлеу қажеттігіне көз жеткізген. 

- Министрлік мамандарымен 298 заңға, 11 конституциялық заңға, 20 кодексе талдау жасалынды. Бұл жұмыс барысында Үкімет деңгейінде және тікелей уәкілетті органдарға қайта бөлінетін өкілеттіліктер анықталды.  Қазіргі таңда конституциялық заң мен  Заңнаманың тұжырымдамасы жасалды, - деп атап өтті министрлік өкілі.

Заң жобасының мәтіндерімен толығырақ Әділет министрлігінің порталында танысуға болады.

 

Мереке Асанова