ATPress.kz. 3 маусым. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Атырау облысы бойынша филиалының басшысы Қадіржан Арыстан Индер ауданында кездесу өткізді.
Партия өз тараптарынан ауыл шаруашылығы саласындағылардың заңдық-құқықтық сауатын жетілдіруге көмектесу үшін адвокаттар қауымдастығымен шартқа отырып, аптасына бір сағат құқықтық кеңесті тегін беруге қол жеткізгенінен хабардар етті.
Ауыл шаруашылығы саласы өкілдер Ербол Бөкеев, Сатыбалды Оразғалиев, Саттар Құлбаев, Абай Әбдіров субсидияның көлемі өзгермесе де оның ішіндегі талаптардың жиі ауысуы, кепілдік мүліктің болмауы, шағын қожалықтардан гөрі ірілерді қолдауға бағыт ұсталынуы, кадр жетіспеушілігі, жалақының төмендігі, құрғақшылық, «Бағырлай», «Ақсай», «Құрайлы сайдағы» судың тапшылығы мәселелерін заң шығарушы мен атқарушы органдарға дейін жеткізу мәселелерін көтерді.
С. Халықов