ATPress.kz. 9 маусым. 8-11 маусым аралығында Астана қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) Халықаралық жастар форумы өтеді. Форумның мақсаты – Қазақстан Республикасының халықаралық аренадағы имиджін нығайту, ШЫҰ мүше-мемлекеттерінің жас буыны өкілд
Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ШЫҰ Жастар кеңесінің ұлттық бөлімдері жетекшілерінің қатысуымен өткен баспасөз конференциясында айтылды.
Форум жұмысы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы кеңістігінде алғаш рет өткелі отырған EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі қарсаңында басталады. Сондықтан, форум жасыл экономика, туризм және спорт тақырыбында өтеді деп көзделген.
Форум жұмысына Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Беларусь, Пәкістан, Үндістан мемлекеттерінің жас көшбасшылары қатысуда.
Мереке Асанова