Жыл басынан бері 510 қылмыстық іске үкім шығарылған

ATPress.kz. 26 шілде. Атырау облысында жыл басынан бері 510 қылмыстық іске үкім шығарылған. Жалпы, 1 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеліп, соның ішінде 17 тұлға ақталыпты. Ал биыл әкімшілік құқық бұзушылық бойынша 7303 іс қаралып, былтырғымен салыстырғанда

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Абай Рахметулиннің қатысуымен өткен жиында айтылды. Кеңес барысында облыстық сот алқаларының төрағалары Манат Көміршінов пен Тәтті Уәлиева қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру қорытындысы туралы ақпарат берді.

Өз кезегінде Жоғарғы соттың өкілі өңірде азаматтық және әкімшілік істерді қарау сапасының төмендегенін, судьяның іс-әрекеттеріне қатысты 9 шағым келіп түскенін мәлімдеді. Сондай-ақ, А.Рахметулин судьялар әдебі нормаларының сақталуы, барлық істердің аудио-бейнежазбаны қолдану арқылы қаралуына байланысты жұмысты күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар беріп, апелляциялық сот алқасы жұмысын жандандыруды міндеттеді.

 

Айдос Қарабала