Жолдасына қол көтергені үшін жауапқа тартылды

ATPress.kz. 31 шілде. Атырауда жолдасына қол көтеріп, жұдырық жұмсаған азамат жауапқа тартылды. Жазаның өтеуі ретінде оған 3 жыл мерзімге шартты түрде сынақ мерзімі тағайындалды.

Сотталушы қатысты қылмыстық іс Махамбет аудандық сотында қаралған. Анықталған ақпарат бойынша, Махамбет ауданы, Бейбарыс ауылының шетіндегі «ПСК» мекемесінің маңында сотталушы, жәбірленушімен кездесіп, жеке келіспеушілік негізінде жұдырығымен басынан ұрып, денесінің әр жерінен тепкілеген. Кейін, алынған жарақаттардың салдарынан жәбірленуші облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылыпты.  

Қылмыстық істі қарау барысында тараптармен кінәні мойындау туралы процестік келісім жасақталып, оның шарты бойынша сотталушы сараптама шығынын төлеуге міндеттелген. Сондай-ақ, Қылмыстық кодекстің 106 бабының, бірінші бөлігімен кінәлі деп танылып, кейін Қылмыстық кодекстің 63 бабы негізінде 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген.

 

Айдос Қарабала

Фото dpchas.com.ua сайтынан алынған