Жол апатына кінəлі азамат жауапкершіліктен құтылмады

ATPress.kz. 6 маусым. Атырау облысының Махамбет ауданында жол-көлік оқиғасын жасаған азамат жауапкершілікке тартылды. Жәбірленуші Т.Ж. жауапкер К.К.-ның үстінен мүліктің және моральдық зиянды өтеу туралы арыз-шағым түсірген.

Бұл туралы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға желісі мынадай: жауапқа тартылған К.К. «ВАЗ 21093-00» маркалы автокөлігімен «Renault Duster» көлігіне соғылған. Салдарынан шетелдік көлікке зақым келіп, оның жолаушылары азаматша В.К. және жасөспірім С.Г. жеңіл дәрежелі дене жарақаттарын алыпты. Жол-көлік оқиғасы жауапкердің әрекетінен болғандықтан, «Renault Duster» көлігің иесі Т.Ж.  денсаулыққа зиян келтіргені үшін материалдық шығын мен моральдық зиянды төлеуді сұраған.

Азаматтық істі қарау барысында сот 759 мың теңге мүліктік шығынды және зақымданған жолаушылардың әрқайсысына 100 мың теңгеден моральдық зиян өндірді. 

Сот шешімі заңды күшіне енген.

 

Айдос Қарабала