ATPress.kz. 25 мамыр. Мақат және Доссор кенттерінде жасырын жұмыс істеген құмар ойындар орны анықталды. Бұл нысандарды Атырау облыстық ішкі істер департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстары нәтижесінд
Сырт пішіні азық-түлік дүкеніне ұқсайтын ғимараттарда жедел сатып алу әдісімен (ставка) түрлі ойындар ойнатылған. Тексеру барысында оқиғаға қатысы бар күдікті азаматтың меншігінен 16 дана ойын терминалдары, 5 дана «Crown» маркалы процессор, 5 дана термопринтер, сканер және ғаламторға қажет модемдер тәркіленген. Сондай-ақ, кассадан барлығы 697 840 теңге ақша айғақ зат ретінде алынды.
Мұндай дүкен ретінде жасырын ашылған нысандар Мақатта - 1, Доссор кентінде 2 болған. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 307 бабы бойынша іс қозғалып, меншік иесі жауапқа тартылған. Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Айдос Қарабала
Фото жедел түсірілімнен алынған