Төтенше жағдайлар басқармасы негізсіз тексеру жүргізген

ATPress.kz. 17 тамыз. Атырау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы өңірдегі бизнес субъектілерге негізсіз тексеру жүргізген. Сөйтіп, ҚР Кәсіпкерлік кодексі мен ҚР Ішкі істер министрлігінің №1060 бұйрығының талаптарын өрескел бұзыпты.

Бұл заңсыздықты Атырау қалалық прокуратурасы талдау жүргізу барысында анықтап отыр. Олардың мәліметінше, қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының негізсіз тексеруіне Атыраудағы 30-дан астам кәсіпкерлік нысан іліккен. Сондай-ақ, құзырлы мекеме ғимараттардың жалпы ауданы, мекемедегі адам саны мен техника санын алдын ала анықтамай, дәлелді құжаттарды жинақтамай, тек байланыс құралы арқылы мәлімет алып, шағын және орта бизнесті тәуекелділігі жоғары қызмет түріне жатқызған. 

Осы орайда заңсыз тексеріске жол берген жауапты тұлғаларға сөгіс» жарияланды. Сонымен бірге, мұндай кемшілікті болдырмау бағытында инженерлік-инспекторлық құраммен кеңес өткізуге нұсқама берілді. 

 

Айдос Қарабала

Фото voxpopuli.kz сайтынан алынған