Теолог теріс жолға бағыттайтын діни кітаптарды атады

ATPress.kz. 18 сәуір. Атырау облысында жат ағымның жетегіне ергендердің көбісі арнайы сараптама нəтижесінде анықталғандай, теріс бағыттағы діни кітаптарды оқып, жат пиғылды базбіреулердің діни уағыздарын тыңдағанын айтқан.

Бүгін Жылыой ауданының спортшыларымен кездескен экстремизм мен терроризмге қарсы күрес жөніндегі жұмысшы топ, діни білім алғысы келетін тұрғындар үшін дұрыс және бұрыс бағыттағы әдебиеттерді атады. 

Ақпараттық топ мүшесі, теолог Айбек Аташевтың мәлімдегеніндей, кітаптар, журналдар мен газеттер де діни ақпарат көзі болып табылады. Көзі ашық, көкірегі ояу адам Алланы танып, ақиқатты білгісі келетіні белгілі. Алайда, бұл жердегі маңызды мәселе,  оқыған әдебиетінің қандай жолға бағыттайтынында. Бүгінде ғаламтор арқылы көптеген әдебиеттер табуға болады. Теріс бағыттағы кітаптарды оқу - адасушылықтың алғы шарттары. 

Ұлттық құндылықтарды насихаттайтын діни әдебиеттер «Матруди ақидасы», «Дін мен діл», «Дін мен дәстүр» т. б. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кітаптары (толығырақ суретте көрсетілген).

Ал халық арасында көп таралып кеткен дәстүрлі емес діни әдебиеттер: «Үш негіз» және орыс тіліндегі «Основы веры» секілді əдебиеттер. 

 

Мереке Асанова