ATPress.kz. 1 шілде. Теңіз зауытының қалдықтар полигонында қайғылы жағдай болды. Салдарынан 22 жастағы жұмысшы қаза тапты.
Бұл туралы Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының мамандары мәлімдеді. Олардың айтуынша, қайғылы оқиға 26 маусым күні сағат 14.30-да болған.
ТШО-ның мердігер компанияларының жұмысшысы Р. О. есімді азамат жаңа өндірістік қалдықтар полигонына геомембрана бумасын төсеп жатқан кезде астында қалып қойған. Анықталғандай, қаза тапқан азамат 1995 жылғы Маңғыстау облысының тумасы екен.
Бүгінде облыстық еңбек инспекциясы жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру комиссиясын құру туралы бұйрық шығарған. Кінә кімнен екені анықталып, құқық қорғау органдарына жолданатын болады.
Айдос Қарабала
Фото esosedi.ru сайтынан алынған